Елордада 9 бірдей тұрғын үй карантинге жабылды. Халық көп шоғырланған үлкен ауданда коронавирусты жұқтырған бүтін бір отбасы анықталған. Оқшауланудың орнына, олар үйлерінен емін-еркін шығып, дүкен, дәріханаларды аралапты. Сондай-ақ, бақылауға алынған үйлердің маңындағы емханадан да инфекция ошағы анықталған көрінеді. Қазір басты көшелерге бекеттер қойылып, тәртіп сақшылары күзетіп тұр.
Карантин: елордадағы ахуал
Дата: 16.04.2020