«42 500 теңгені заңсыз алғандар екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін». Әлеуметтік желіде осы сарындағы хабарламалар өріп жүр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдай аяқталғаннан кейін өтініш бергендердің мәселесі майшаммен қаралатынын растады. 42 мыңды заңсыз қалтаға басқандар Қылмыстық кодекспен қудаланбақ. Бұл ақпарат онсыз да үрей құшағындағы халықты одан сайын уайымға салып қойды.
42 500 теңгені заңсыз алғандар жауап береді
Дата: 16.04.2020