Естеріңізде болар, биыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы. Мерейлі мерейтой ұйымдастырылып, бірқатар шаралар жоспарланған еді. Бірақ, соңғы жағдайларға байланысты кейінге шегеріліп жатыр. Десе де биылғы жылы республиканың әр өңірінде ақынның ескерткішін, не бюстын орнату ойда бар. Мәселе осы жерде шығады. Бұл күнге дейін салынған сурет пен қойылған ескерткіштерде Абай әртүрлі. Кейде тіпті ұқсамай да жатады. Осы жылы бұл мәселені біржақты шешіп алу керек пе? Қаншалықты маңызды?
Абай атамыздың мүсіндері неге әртүрлі?
Дата: 17.04.2020







