14:20 Тікелей эфир Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»
18:10 Эфирде әрі қарай Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»

Әскери ұшақ құлады

Қарағанды маңында әскери ұшақ құлады. Бұл жолы пайдалану мерзімі 2021 жылы аяқталатын жойғыш МиГ-31 әуе кемесі апатқа ұшыраған. Техниканың тізгінінде болған қос пилот әупірімдеп жүріп, аман қалды. Қазір олардың өмірін өлімнен арашалап қалу үшін дәрігерлер күресіп жатыр. Бұл аталған техника елімізде соңғы 15 жылда 4 рет құлап отыр. Осы уақытқа дейін 5 адам қаза болған. Әбден тозған ұшақтар қолданыстан қашан алынады?

X