18:10 Тікелей эфир Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»
20:00 Эфирде әрі қарай «АНАЛИТИКА»

Түркістанда жүргізуші үш полицейді қақты

Төтенше жағдай кезінде полицейлер зардап шегуде. Түркістан облысында карантин талабын бұзған жүргізуші үш бірдей тәртіп сақшысын қағып, оқиға орнынан ізін суытты. Алайда, қаскөй құтылмады. Бүкіл полиция бөлімшесінің күші жұмылдырылып, күдікті ұсталды. Ол ішімдік ішіп қана қоймай, есірткі де пайдаланған. Осы тектес оқиға төтенше жағдай енгізілгелі елімізде көбейіп кетті. Бірі қоғамдық тәртіпті қадғалаған полицейдің жағасына жармасса, өзгесі дене жарақатын салуға дейін баруда. Ондайларды қандай жаза күтіп тұр?

X