14:20 Тікелей эфир Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»
18:10 Эфирде әрі қарай Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»

Диқандар орамжапырақтарын шекарадан шығара алмай отыр

Жетісайлық диқандардың жанайқайы. Оңтүстікте орамжапырақ өсіретін шаруалар өнімдерін сыртқы нарыққа шығара алмауда. Капустаны өздері келіп алып кететін клиенттері де карантин кесірінен шекарадан бері өте алмай қалыпты. Ал, өнімді оларға жеткізіп беруде бірқатар қиыншылық туындауда. Жүк көліктерінің шекарадан өтуіне рұқсат берілгенімен, жүргізушімен еріп жүретін шаруалардан «Е» категориялы куәлікті талап етуде екен. Бірақ, мұндай куәлік диқандардың көбінде жоқ.

X