Киім-кешек дүкендері мен шаштараздар іске қосылды

Шаш қысқартып, киім алатын күн! Бүгіннен бастап мегаполистер мен аймақтарда халыққа қажетті бірқатар нысанның жұмысы жанданды. Олардың арасында шаштараз, халыққа қызмет көрсету орталықтары, гүл сататын дүңгіршектер мен шағын киім-кешек дүкендері де бар. Алайда карантин тәртібі жеңілдеді екен деп, арқаны кеңге салуға әлі ерте. Сондықтан мамандар қандай жағдай болмасын, санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақыруда.

X