Бізді айырған карантин! Төрт қабырғаға қамалған ері мен әйелдің басы бір қазанға сыймай, ажырасу көбейген. Мұны ranking.kz мамандары жүргізген зерттеу нәтижесі де көрсетті. Ажырасудың антирейтингін Алматы, Алматы облысы және Қарағанды облыстары бастап тұр. Сорақысы, әйелінің дәрменсіздігін пайдаланып қол жұмсайтындар да көбейген. Мысалы, бір ғана Ақтөбеде күйеуімнен зәбір көрдім деп сенім телефондарына хабарласып, көмек сұрайтындар екі есеге артқан.
Карантинде күйеуі соққыға жығып, бас сауғалаған әйелдер көп
Дата: 06.05.2020