Мақтааралда су тасқынынан зардап шеккен үйлердің өтемақысын есептегенде, тек оның қандай материалдан салынғанын емес, көлемін, тұрғындар санын да қаперге алуды ұсынамыз. Мәжілісмен Құдайберген Ержан Премьер-министрге осындай сауал жолдады. Төменгі палата депутаты мақтааралдықтарды қолдау кезінде Асқар Маминнен жағдайды жан-жақты пысықтауды сұрады. Халық қалаулысы 800-ден астам баспана су астына кеткен ауданда өз мүліктерін рәсімдеп үлгермегендері де бар екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, жеті мың гектар егістікті қызыл су жойғанын айтқан депутат, диқандар жайына да назар аударды.
Мәжіліс депутаты Мақтааралдағы жағдайды жан-жақты пысықтауды сұрады
Дата: 06.05.2020