Мақтааралға Өзбекстаннан көмек жетті. Бауырлас елдің төтеншеліктері суды сорғылау, каналдарды тазалау, бөгеттер көтеру жұмыстарына атсалыспақ. Сонымен қатар, қажет болса құрылыс жұмыстарына да қатысып, материалдарды да шекараның арғы бетінен алдырмақ. Ал, полиция қызметкерлері толықтай судың құрсауында қаңырап қалған үйлерді тәулік бойы табанынан тік тұрып күзетіп жатыр. Өңірдегі қазіргі ахуал жайында әріптесіміз Қасым Хабибуллаұлы баяндайды.
Мақтааралға Өзбекстаннан көмек жетті
Дата: 07.05.2020