Республикалық жолдардың бойына 22 дәретхана салынады

Республикалық трассалардың бойына 22 дәретхана салынатын болды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясындағылар хабарлады. Бұған дейін 2020 жылға дейін инвесторлардың көмегімен 282-сін салу жоспарланған еді. 40 нысанды орнату туралы байқауды 2019 жылға белгілеген. Бірақ, бәсекелестік болмағаннан кейін, ол өтпей қалған. Байқау шартына сәйкес, әр инвестор өз қаражаты есебінен салып, оны мемлекетке тегін тапсырады.

X