Қызылағаш оқиғасына 10 жыл

45 адамның өмірін жалмаған Қызылағаш оқиғасына биыл 10 жыл. Ел аман, жұрт тынышта су қоймасының бөгеті бұзылып, тұтас бір ауылды су шайып кетіп еді. Қыруар шығынға батқан билік су сақтайтын бөгеттердің сапасын түгелдей тексеріп, жөндеуге уәде еткен сол кезде. Арада бақандай 10 жыл өтсе де, еліміздегі су қоймаларының тең жартысы жөндеуді қажет етіп тұр.

X