Елордада эпидемиологиялық жағдайдың дұрысталуына байланысты ертеңнен бастап сауда орталықтары ашылады. Қаланың бас санитар дәрігері астаналықтарды осылай деп бір қуантты. Алайда, тұрғындар сақтық шараларын сақтамаған жағдайда, карантин режимі қайта енгізілетінін ескертті. Ал аймақтарда қызыл тізімнің күнделікті ұлғаюы әлі де бәсеңдемей келеді. Әсіресе, Атырау мен Қостанай облыстарындағы жағдай мәз емес екен.
Елордада ертең сауда, ойын-сауық орталықтары ашылады
Дата: 19.05.2020