0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Індет жұқтырғандардың 85 пайызы «симптомсыз» ауырып жатыр

Елімізде коронавирус жұқтырған науқастардың 85 пайызында індет «симптомсыз», яғни еш белгілері білінбей өтіп жатыр. Еліміздің бас дәрігері Алматыға жасаған сапары барысында осындай статистикамен бөлісті. Елжан Біртанов тұрғындар карантин талаптарын сақтамаса, қатаңдатылған режим қайта енгізілуі мүмкін екенін де ескертті. Себебі вирустың таралуы тежелгенімен, толықтай тамырына балта шабылған жоқ.

X