Атырауда «нәрестені тоңазытқышқа салып өлтірді» деп айыпталған дәрігерлерге қатысты сот отырысы басталды. Негізгі айыпталушылардың қатарында 6 ақ халатты. Оның ішінде облыстық перинаталдық орталықтың басшысы Қуаныш Нысамбаев бар. 7 айға созылған тергеу жұмыстары аяқталып, күдіктілер фемида өкілдерінің алдында жауап беруде. Сотқа тартылған куәгерлер тым көп болғандықтан, отырыс видеобайланыс арқылы өтеді деп жоспарланған екен. Бірақ, техникалық ақауларға байланысты ол мүмкін болмапты. Сондықтан, қазір процесс қауіпсіздік мақсатында тек қос тараптың қатысуымен ғана жүріп жатыр.
«Нәрестені тоңазытқышқа салып өлтірді» деп айыпталғандарға қатысты сот отырысы басталды
Дата: 27.05.2020