Мүгедек балаларды ұрып-соғып, қорлаған қатыгездердің ісі сотқа жетті. Атырау қаласының № 2 соты бір жылдан астам уақыт тергелген атышулы істі қарауды бастады. Ол облыстық ақыл-ойы кем балаларға арналған интернат қызметкерлерінің тәрбиеленушілерге көрсеткен қорлығына байланысты. Олар дұрыс сөйлей де, ешкімге шағым айта да алмайтын тілінің мүкісі бар кішкентайларды ұрып-соғып, жұмысқа жекті деп айыпталып жатыр. Әу баста күдік 5-6 адамға түскен еді, алайда, сот алдынд екі қызметкер: санитар мен тәрбиеші жауап беруде.
Мүгедек балаларды ұрған тәрбиешілердің ісі сотқа жетті
Дата: 04.06.2020