10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Ақтөбе облысында ірі жол апатынан 6 адам мерт болды

Ақтөбе облысында ірі жол апатынан 6 адам мерт болды. Сұмдық жайт Ақтөбе-Астрахань тас жолында тіркелген. Жеңіл көлік рөліндегі 24 жастағы жігіт жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, «Лада Ларгуспен» соқтығысыпты. Соңғы аталған автомобильдің жүргізушісі мен салондағы барлық жолаушы көз жұмған. Марқұмдардың жасы 27 мен 51-дің аралығында. Алты бірдей адамның өліміне кінәлі жігіт былтыр ғана 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған екен. Ол кезде ішімдік ішіп, рөлге отырғаны үшін істі болған. Жүргізушіге қатысты қылмыстық іс тергелу үстінде.

X