Соттан әділдік таппаған азамат Президенттен араша сұрайды. Несие алып, оны процентімен өтесе де, баспанасынан айырылған елорда тұрғыны сот шешімімен келіспей, Жоғарғы сотқа дейін барып еді. Ол жақта да қолдау таппады. Енді соңғы үміті мемлекет басшысында. Ал қазылардың алдында оның құқығын қорғаған адвокат мұндай сорақы шешімнен кейін заң саласынан кетуге дайынмын деп отыр.
Несиесін өтегенімен, кепілдегі баспанасы сатылып кеткен
Дата: 11.06.2020