10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

ШҚО: шахтадағы жарылыстан екі кенші қаза тапты

Шахтада жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде екі кенші қаза тапты. Марқұмдардың жасы небәрі 25 пен 29-да. Отбасылы. Қайғылы жағдай Шығыс Қазақстан облысындағы Орлов өндірістік кешенінің шахтасында болған. Зардап шеккен тағы бір қызметкер аудандық ауруханаға жеткізіліпті. Компания басшылығы мен ұжымы марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Сонымен қатар, бекітілген процедураларға сәйкес қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккен жұмысшыға қажетті көмек көрсетілетінін де атап өтті. Себебі бұл мәселелер келісімшартта қарастырылған екен. Жарылысқа нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз.

X