14:20 Тікелей эфир Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»
18:10 Эфирде әрі қарай Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»

Танысының үйіне қонаққа келіп, 20 млн теңгенің затын ұрлаған

Танысының үйіне қонаққа келген шетелдік әйел 20 миллион теңгенің затын ұрлап кетті. Өзбекстан Республикасының азаматы пәтерден зергерлік бұйымдар мен танымал брендтердің киім-кешегін қолды қылған. Оның ішінде қымбат тұратын швейцар қолсағаты, әшекей бұйымдар мен басқа да заттар болған. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі таңда күдікті қолға түсті. Ол кінәсін толық мойындаған. Тергеу барысында анықталғандай, сезікті әйел пәтерге үй иесінің шақыртуымен бірнеше мәрте келіп жүріпті. Ер адамның сеніміне кірген ол қомақты қаржының заттарын алып кеткен. Уақытша қамауға алынған оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

X