14:20 Тікелей эфир Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»
18:10 Эфирде әрі қарай Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»

Әлеуметтік желіде балаларды суицидке үгіттеген қаскөй құрықталды

Балаларды өз-өзіне қол жұмсауға үгіттеген қаскөй құрықталды. Арыс қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде арнайы топ ашып, жасөспірімдерді жаппай суицидке шақырған. Оның қоғамға қауіпті белсенділігін интернетке мониторинг жүргізген Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл орталығы мен Түркістан облысы Полиция департаменті анықтап, жолын кесті. Бірден жедел іздестіру тобын құрып, күдіктіні қолға түсірген полицейлер оның әрекетін адам өлтіруге оқталу деп тіркеп, тергеу амалдарын бастап жіберді. Тінту кезінде күдіктіден ноутбук, ұялы телефон, үш қорап сим-карта және басқа да заттай дәлелдемелер алынды. Телефонында суицидке бағытталған телеграм каналдарының бар екені де анықталды.

X