Жаз шығысымен жағымсыз иіске тұншығатын Жаркент қаласының тұрғындары тағы да бас көтерді. Күлімсі иістен құтылғанша, крахмал-сірне зауытының жұмысы уақытша тоқтатылсын деп талап етуде. Өйткені, таза ауамен тыныстау былай тұрсын, күн ыстықта есік-терезені ашудан қалдық, — деп отыр. Ал, елді сабырға шақырған жауаптылар болса, бұл мәселе жыл соңына қарай түбегейлі шешілетінін айтып сендіруге тырысты.
Жаркенттіктер: зауыттың сасық иісінен ішкенімізді қайта тастаймыз
Дата: 18.06.2020