Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны артып, ауруханалардағы жағдай ушығуына байланысты карантин күшейтіледі. Бүгін Үкімет басшысы Асқар Маминнің төрағалығымен өткен комиссияның шұғыл отырысында нақты қай қалаларда талап қатаңдатылатыны айтылды. Тізімге енгізілген бес шаһарда енді сауда орталықтары жабылып, қоғамдық көліктердің жүруі тоқтайды. Сондай-ақ, бірнеше аймақта карантин талаптары күшейтіліп, блокпосттар қайта қойылатын болды.
Карантин режимі күшейтілді
Дата: 18.06.2020







