Алматыда өздігінен жүріп-тұра алмайтын бірінші топтағы мүгедектер демалыс дегенді ұмытқан. Жыл басынан бері олардың жеке көмекшілеріне сенбі-жексенбі және мереке күндеріне бір тиын да төленбеген. Сондықтан ел қатарлы көшеге шығудың орнына үйлерінде отыруларына тура келеді. Өйткені республикалық бюжеттің 20 пайызын беріп отырған, еліміздің ең алып шаһарында оған қаржы қарастырылмапты. Өз құқықтарын даулаған қамкөңіл жандар соттан әділдік іздеуде. Ал қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасындағылар сотқа берсе де, ақша төлемейміз деп отыр.
Өздігінен жүріп-тұра алмайтын мүгедектер төрт қабырғаға қамалып отыр
Дата: 18.06.2020