Вирустық инфекцияға байланысты оқшауланған премьер-министр Асқар Мамин жұмысына қайта оралды. Шенеуніктің Covid-19-ға тапсырған екі сынамасы да теріс нәтиже көрсеткен. Одан бөлек, бұл процесстен Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Ауылшаруашылық министрі Сапархан Омаров, Экология және геология министрі Мағзұм Мырзағалиев сынды бірқатар ведомство басшылары да өткен. Қорытынды бойынша аталған тұлғалардың коронавирус жұқтырмағандығы анықталып отыр. Осы ретте, оқшаулану мерзімі аяқталғандықтан, Асқар Мамин бүгін Үкімет қабырғасында жиын өткізіп, жауапты министрге еліміздегі машина жасау өндірісін дамытуды тапсырды.
Жұмысына оралған Асқар Мамин жиын өткізді
Дата: 19.06.2020