Пәкістанда Airbus A320 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 97 жан қаза тапты. Тек екі адам ғана тірі қалған. Апатқа пилоттардың коронавирус туралы қызу әңгіме айтып, диспетчерлердің ескертуін елемеуі себеп болып отыр. Бұл туралы осы елдің азаматтық авиация министрі Гулам Сарвар Хан мәлім етті. Әуе көлігі қонуға 100 пайыз дайын болған және ешқандай техникалық ақаулар тіркелмеген екен. Тек өзара пікір таластырған ұшқыштар ұшақтың жылдамдығын бәсеңдетіп, шассиін ашуды ұмытып кеткен. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Пәкістанда ұшақ апатынан 97 адам қаза тапты
Дата: 25.06.2020