9:25 Тікелей эфир «ПРОУЮТ»
10:25 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»

Карантин кезінде үш ай дала көрмеген үндістандық студенттер еліне қайтты

Үш ай бойы дала көрмеген үндістандық студенттер елдеріне қайтты. Қазақстанның көктемі мен жазын жатақханада өткізген олар 82 күннен кейін ғана таза ауаға шықты. Сөйтті де, дереу телефондарын алып, солтүстіктің табиғатына тамсанып түсіре бастады. Қуаныштарында шек жоқ. Әрине, балаларды осынша күн қамақта ұстау қиын болғанымен — қажет болды дейді. Біреуі ауырып қалса, жағдайдың ушығып кететінін медицина факультетінде оқитын студенттер жақсы түсінді. Енді міне, сабыр түбі сары алтын боп, Отандарына аман-есен аттанды.

X