6:00 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
8:20 Эфирде әрі қарай «П@УТINA» бағдарламасы

Кәсіпкерге шабуыл жасап, 700 мың теңгесін тартып алған

Түркістан облысында кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасаған екі адамның бірі іздестіріліп жатыр. Оқиға Сарыағаш қаласында болған. «Газель» көлігіне отырған ер адамды бетперде киген екі жігіт қарумен қорқытып, 700 мың теңгеге жуық ақша салынған сөмкесін тартып алып, ізін жасырған екен. Мына бейнекөріністе күдіктілерің әрекеті айқын көрініп тұр. Олар ақшаны алысымен, көлікке отырып, белгісіз жаққа бой тасалаған. Облыстық полиция департаментінің білікті мамандары сарыағаштық әріптестерімен бірлесіп, сезіктілердің бірін Шымкенттегі жалдамалы пәтерден тауыпты. Ол бұған дейін 3 рет сотты болған қала тұрғыны екен.

X