Коронавирусқа күдігіңіз болса, аурумен байланыста болсаңыз немесе жөтел я пневмония маза бермесе, жергілікті емханаға барыңыз. Терапевт дәрігерге айтыңыз, дертіңізге дауа тауып қайтыңыз. Ол өкпеңізді тыңдап, тест тапсыру керек пе керек емес пе соны айтады. Ал жүкті әйелдер астанадағы 6-шы және 9-шы емханада тексеріле алады. Ал егер ақылы түрде COVID-қа ПТР сынама тапсырғыңыз келсе, 8 зертхана Сізді қабылдауға дайын тұр. Қысқасы, Қисықова Сәуленің сөзіне сенсең, бара саласың, көре саласың, өте саласың, нәтижесін ала саласың! Оп-оңай, иә? Ал расында бәрі де бас санитар айтқандай ма?
Шенеунікке сенсең, ПТР тест тапсыру оп-оңай
Дата: 08.07.2020