Елордада қонақ үй ғимаратын салған жұмысшылар бір жылдан бері еңбекақыларын даулап жүр. Мердігер болып тартылған украиналық компания нысанды қысқа мерзімде аяқтап, құрылысшыларға ақшасын түрлі сылтаумен төлемей келеді. Келісілген қаражаттың тек жартысын берген олар, қалған бөлігі кепілдік мерзім өткен соң үлестіріледі деп уәде еткен. Қарыз сомасы 20 млн теңгеге жуық.
Бір жылдан бері жалақыларын алмаған
Дата: 09.07.2020