Шымкентте орналасқан еліміздегі ең ірі фармацевтикалық компания өндіріс көлемін ұлғайтып жатыр. Тек былтырдың өзінде мұнда антибиотиктер өндірісі 15 пайызға артып, 72 млн-нан астам қорап дәрі-дәрмектер шығарылған. Дайын өнімді Қазақстан аумағынан тыс Ресей, Моңғолия және Қырғызстанға экспорттауда. Ал, әлемді жайлаған пандемияға байланысты зауыт жұмысшылары үш ауысымға көшті. Қазір мұнда мамандар тоқтаусыз еңбек етіп жатыр.
Отандық фармкомпания өндіріс көлемін ұлғайтты
Дата: 10.07.2020







