9:25 Тікелей эфир «ПРОУЮТ»
10:25 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»

Қызыл ұнтақ сепкен ұшақтар

Ішкі істер министрлігі ауаға «қызыл түсті ұнтақ» сеуіп жүрген ұшақтарға қатысты түсініктеме берді. Әлеуметтік желілілерде тараған ақпаратта бұл таспаның Қазақстанда түсірілгені, ал самолеттен вирустық және биохимиялық оқ-дәрі шашылып жатқаны айтылған еді. Осыдан кейін министрлік бейнежазбаның толық нұсқасын тексеріп, оқиғаның АҚШ-та болғанын анықтаған. Сөйтсе әуе лайнері өртті сөндіруге жұмылдырылыпты. Ал, видео «Goal Aircraft» әуе компаниясының Facebook-тегі аккаунтынан көшіріліп алынынған. Айта кетерлігі, өртті боялған сумен сөндіру тәжірибесі АҚШ пен Австралияда қолданылады екен. Бояу экипажға алдыңғы жұмыстың нәтижесін көруге және қайтадан дәл көздеуге көмектесетін көрінеді. Ал, мұндай судың құрамында ағашқа сіңіп, өрттің таралуын кешіктіретін арнайы тыңайтқыш бар. Ішкі істер министрі жалған ақпарат таратқандар жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылатынын ескертті.

X