Шикізат бар, өндіріс толықтай жұмыс істеп тұр. Тараз қаласындағы «Суперфарм» компаниясы еліміздің төрт бірдей ірі қаласына медициналық маска және басқа да қажетті бұйымдарды өндіріп, жеткізіп береді. Күні кеше зауытқа 11 жүк көлігімен 100 тонна шикізат жеткізілген. Енді 300-ге жуық маман бірден іске кірісіп, халыққа қажетті заттарды жинақтауды бастады. Компания өкілдері көпшілікке бір ғана масканың үш түрін ұсынамыз деп уәде беріп отыр.
Таразда маска өндіретін зауыт жұмыс істеп тұр
Дата: 15.07.2020