Еліміздегі сегіз банкке 47,6 миллион теңге айыппұл салынды. Бұл туралы BasNews.kz ақпарат порталы хабарлады. Қаржылық ұйымдар көп жағдайда Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нормаларды сақтамаған. Олар негізінен ақша аударымдары бойынша нұсқаулықтарды орындау мерзімдерін бұзған. Сонымен қатар, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы ақпаратты құжаттық тіркеу, сақтау және ұсыну бөлігінде заң бұзған.
8 банкке айыппұл салынды
Дата: 15.07.2020