Әкімдерді жиі ауыстыру жемқорлыққа жол ашады. Сондай-ақ, бюджет қаржысын негізсіз шашуға алып келеді. Елдегі экономистер осылай дейді. Ауқымды жобалардағы салғырттықтың салдарын халық тартып жатыр. Елордадағы Ұлы дала даңғылының бойында тұратындар 3 жылға созылған жөндеу жұмыстарынан әбден мезі болдық дейді. Өйткені, алдыңғы жобадағы ағаттықтың кесірінен сап-сау көше сүріліп, тасжол қайта төселіп жатыр.
Әкімдерді жиі ауыстыру жемқорлыққа жол ашады
Дата: 06.08.2020