Коронавирусқа қарсы вакцина елімізде ең алдымен кімдерге егілетіні белгілі болды. Екпе бірінші созылмалы дерті бар отандастарымызға салынады. Бұл процедура Қазақстанның немесе басқа елдің коронавирусқа қарсы жасап жатқан екпелері сынақтың барлық фазаларынан сәтті өтсе және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының рұқсатын алғаннан кейін жүзеге асырылады. Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекованың сөзінше, қазір вакцина жасап жатқан өндірушілердің бірнешеуі ғана клиникалық сынақтың үшінші сатысына өткен.
Коронавирусқа қарсы екпе ең алдымен кімдерге егіледі?
Дата: 07.08.2020







