Әйелінің қабырғасын сындырып, баласының басын унитазға батырды. Елімізде тағы бір озбыр әкенің әрекеті әшкере болды. Бұл жолы сұмдық жайт Алматы облысында тіркелген. «Полицияға барсаң, жақындарыңды өлтіремін» деп қоқан-лоққы көрсеткен күйеуінен қорыққан келіншек қорлыққа бір жылдан бері төзіп келген екен. Алайда анасының өміріне алаңдаған балалары әкелеріне өздері шағымданыпты.
Әйелінің қабырғасын сындырып, баласының басын унитазға батырды
Дата: 07.08.2020