Түркістан облысында қос бірдей елдімекен ағын судың азабын тартып отыр. Түлкібас ауданына қарасты Ынтымақ және Састөбе ауылының жұрты соңғы бірнеше жылдан бері суға жете алмай, зарығып жүр. Су тапшы болғандықтан, есік алдындағы бау-бақшаны көгерте алмай отыр екен. Амалы таусылғандықтан көкөністі құбыр арқылы келетін ауыз сумен суғаруға мәжбүр. Ауылға ағын су қашан келеді? Жұрт еккен өнімдерін жинай ала ма?
Ағын судың азабы
Дата: 12.08.2020