10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Ресейлік екпенің құны белгілі болды

Коронавирусқа қарсы Ресей вакцинасының құны қанша екені белгілі болды. Екі дозасы шетелдіктер үшін кем дегенде 10 доллар тұрады. Бұл туралы «Р-Фарм» компаниясының директорлар кеңесінің басшысы Алексей Репик мәлімдеді. Оның айтуынша, бастапқыда қымбат болғанымен, өндіріс жеткілікті көлемге жеткенде бағасы арзандайтын болады. Айта кетейін, бұл вакциянаны біздің ел сатып алуы мүмкін. Осы мәселені талқылау үшін үкіметтік делегация жуырда Мәскеуге бармақ. Бұл жайлы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинді құттықтап, жолдаған жеделхатында атап көрсетті. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынның өкілдері жаңа екпенің қауіпсіздігі мен тиімділігі мұқият зерттелуі керек деген ұстанымда.

X