Жалақымыз қайда? Қызылорда қаласындағы туберкулезге қарсы санаторий қызметкерлері осылай деп шу шығарды. Олар адал еңбектері үшін соңғы төрт ай бойы соқыр тиын да алмапты. Жалпы қарыз 30 миллион теңгеден асып кеткен. Басшылардың жалған уәдесінен шаршаған шипажай жұмысшылары аймақ басшысынан көмек сұрап әкімдік алдына жиналды. Ал шенеуніктер болса олардың шағымын тыңдаудан бас тартты.
Туберкулезге қарсы санаторий қызметкерлері 4 айдан бері жалақы алмаған
Дата: 18.08.2020