0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Қаржы пирамидасына алданғандар кемі 180 мың теңгеден құйған

Елімізде тағы бір қаржы пирамидасы анықталды. Бұл жолы жеңіл ақшаның соңынан жүгіріп, алданғандардың әрқайсысы кемі 180 мың теңгеден құйған екен. Бұл туралы қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, әзірге алаяқтардың арбауына түсіп, опық жеген отандастарымыздың нақты саны белгісіз. Дегенмен, аталған дерек бойынша, Қылмыстық Кодекстің 217 бабының 1 бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталыпты. Кінәлі тұлғалар анықталып жатыр.

X