Үш Өзбекстан азаматы жанармай бекетіне шабуыл жасады

Алматыда бетперде киген үш Өзбекстан азаматы жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасады. Анықталғандай, ғимаратқа баса көктеп кірген қаскөйлер кассирді тапаншамен қорқытып, 52 мың теңгені алып кеткен. Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер екі ер адамды қолға түсіріпті. Біреуі бұрын істі болған. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, үшінші сезіктіні іздестіру жұмыстары жалғасуда. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

X