Депутаттардың сынынан кейін Білім және ғылым министрлігінің өкілдері іле-шала брифинг өткізді. Онда олар оқушыларды дәстүрлі оқыту жүйесіне көшіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Ол үшін Денсаулық сақтау министрлігіне ұсыныс жіберіліпті. Сондай-ақ, орта білім беру ордаларының штаттық режимде жұмыс істеуі үшін әр өңірдің санитарлық инспекторларынан бөлек, жергілікті билік те рұқсат етуі тиіс екен. Өйткені әр аймақта індеттің тарау деңгейі әртүрлі.
Оқушылар мектепке қашан оралады?
Дата: 09.09.2020







