Алматы облысындағы гранит өндіретін кәсіпорында еңбек еткен 40 шақты адам 2 жыл бойы жалақысын ала алмай жүр. «Жетісу-гранит» серіктестігі оларға 22 млн теңгедей қарыз екен. Осы күнге дейін 3 сот отырысы өтіп, үкім жұмысшылардың пайдасына шешілген. Алайда, компания құрғақ уәдемен қатырып, берешектерін бермей жүр.
Екі жылдан бері жалақы алмаған
Дата: 11.09.2020







