Атқа мініп жүріп, жоғалып кеткен жеті жастағы бала аман-есен үйіне оралды. Оқиға Жамбыл облысында болған. Мойынқұм ауданына қарасты Құшаман ауылының кішкентай тұрғынын кешелі бері туысқандары, полицейлер, еріктілер бүкіл ел болып іздестірген. Тіпті «Қазавиақұтқарудың», «Еврокоптер» тікұшағы да жұмылдырылды. Із-түссіз жоғалған жеткіншек Көкжелек ауылы жанындағы қамыс арасынан табылыпты. Балғын сол жерде түнеп шыққан екен. Қазір оның денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ.
Жоғалып кеткен жеті жасар бала табылды
Дата: 16.09.2020