Солтүстік Қазақстанда құс тұмауы өршіп, қанаттылар жаппай қырылып жатыр. Облыстың жеті ауданында, атап айтсақ, Тимирязев, Тайынша, Жамбыл, Қызылжар, Шал ақын, Ғ.Мүсірепов, М.Жұмабаев аудандарында шаруалар бағып-қаққан құстарынан бір мезетте айырылып қалған. Соған байланысты облыстың жеті ауданына карантин енгізілді. Шектеу шаралары 21 күн бойы сақталады.
Жеті ауданда «Құс тұмауы» тіркелді
Дата: 17.09.2020