Өскеменде тойға келген жұрт тексерушілерден ізін суыту үшін терезелерден секіріп қашқан. Қаладағы мейрамханалардың бірін тексеруге келген санитарлық дәрігерлер мен полицейлер ғимарат ішіне кіре алмай алты сағат бойы сыртта тұрған. Бір сәтте келушілердің бірінің денсаулығы нашарлап, оған жедел-жәрдем шақыртқан кезде ғана есік ашылған. Осыдан кейін мейрамханадан шамамен 30 адам шығып кеткен. Ал, іште даяршылар дастарханды жинап, жарықты сөндіріп үлгеріпті. Дегенмен, терезеден секіріп, қашып бара жатқан қонақтар тесерушілердің назарына ілікті
Өскеменде той тойлағандар тексерушілер келгенде терезеден қашты
Дата: 22.09.2020