Митингке шығуға мәжбүрміз! Өскемендік бір топ ата-ана осылай деп шу шығарды. Өйткені олардың науқас ұл-қыздары медициналық жәрдемнен қағылғалы тұр екен. Қалалық білім бөлімі оқыту-сауықтыру балабақшасының бірден 11 қызметкерін қысқартпақ. Себебі, мекеме 19 штатты заңсыз иемденіп отырған көрінеді. Алайда, түрлі сырқатқа шалдыққан бүлдіршіндердің ата-аналары мұнымен келіспейді.
Науқас балалар күтімнен қағылғалы тұр
Дата: 22.09.2020