10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Қазақстан өлім жазасынан бас тартты

Қазақстан өлім жазасынан бас тартты. Енді елімізде қылмыскерлерге жазаның ең ауыр түрі қолданылмайды. Қазақстанның Біріккен ұлттар ұйымының жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров өлім жазасын жоюға бағытталған халықаралық хаттамаға қол қойды. Айта кетейін, біздің елдің осындай шешім қабылдағанын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеше БҰҰ Бас ассамблеяның 75-ші мерейтойлық сессиясында бейне байланыс форматында сөз сөйлеген сөзінде хабарлаған болатын.

X