Алматы облысында тағы бір апатты мектеп мәселесі шешілді. Кербұлақ ауданына қарасты Қосағаш ауылында 80 орындық оқу ордасы қолданысқа берілді. Екі жыл ішінде бой көтерген білім ордасының құрылысына облыстық бюджеттен 700 млн теңге қаржы жұмсалған. Нысан толығымен заманауи құрылғылармен жабдықталып отыр. Бұрын соңды ескі мектепте болмаған химия, физика және биология кабинеттері қарастырылған. Қыздар мен ұлдарға арналған еңбекке баулу шеберханасы мен зертханасы да бар. Бұған мұғалімдер мен оқушылар дән риза. Ал, ата-аналар болса, үрейлі күндер артта қалып, балаларымыз алаңсыз білім алатын болды, — деп қуанып отыр.
Алматы облысында апатты мектептің орнына жаңасы салынды
Дата: 01.10.2020